Қазақстан Республикасы Допингке қарсы ұлттық орталығы

БІЗ ТУРАЛЫ

Қазақстан Республикасы Допингке қарсы ұлттық орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1718 қаулысына сәйкес құрылған.

Орталықты құрудың қажеттілігі Қазақстанның спорттық қоғамдастығын допингке қарсы білім мен дағдыларымен қамтамасыз ету және спортшының таза спортқа деген құқығын қорғау мақсатынан туындады.

Қазақстан допингке қарсы ұлттық орталығы халықаралық допингке қарсы заңнамалық актілерге сәйкес жұмыс істейді. Орталықтың негізінде Орта Азия Өңірлік допингке қарсы үйымы (RADOCA) жұмыс істейді, ол бүткіл Орталық Азия бойынша: Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан, Ауғанстан Ислам Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы және Моңғолияда іс-шараларға бағыт-бағдар беру жолында қызмет атқарады.

Қазақстан Республикасы Допингке қарсы ұлттық орталығы - Қазақстан Республикасының допингке қарсы бағдарламасын жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым.

Допингке қарсы ұлттық орталық басқа елдердегі допингке қарсы ұлттық ұйымдармен, Халықаралық Олимпиада Комитетімен, халықаралық федерациялармен және басқа да халықаралық ұйымдармен бірлесе жұмыс істейді.

ҚазДҚҰО негізгі миссиясы спортшыларға ақпарат беру және оларды әділ және адал ойын қағидаттарын және спортты допингтен сақтау үшін қажетті білім мен дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.

ҚазДҚҰО Олимпиада Хартиясында бекітілген әділ спорт құндылықтарын қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған ақпараттық және білім беру бағдарламалары арқылы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырады. Орталық сондай-ақ допинг-бақылау жұмысымен айналысады, оған тестілеуді жоспарлау және жүргізу, допингке қарсы ережелерді бұзу фактілерін зерттеу, нәтижелерді өңдеу және ереже бұзу фактілері бойынша істі тыңдауды ұйымдастыру, терапиялық пайдалану жатады.

ОРТАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ БАҒЫТТАРЫ

Білім беру бағдарламалары

Жоспарлау және тестілеу

Өңдеу нәтижелері

Тексеру

Терапиялық қолдану

Отчет за 2017
Отчет за 2017
Отчёт за 2016 год
Отчёт за 2016 год

Бос орындар

«Допингке қарсы ұлттық орталық» РМҚК Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын білетін және осы саладағы жұмыс тәжірибесі кемінде бір жылды құрайтын есепшінің бос лауазымы бар екендігін хабарлайды.

Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Мұқанов көшесі, 241, блок 1, екінші қабат. Анықтама телефондары: 3384822, 2486748.

Өзімен бірге түйіндеме, жеке күәлігі болуы қажет.