- Бiз туралы
- Орталық iс-әрекеттерiнiң бағыттары
- Галерея
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет
- «Адалдық алаңы» жобалау кеңсесі
- Бос орындар
- Кәсіпорынның бюджеті
- Мемлекеттік сатып алулар
- ҚР мемлекеттік рәміздері
- Кәсіпорын басшылығы
- Антидопинг ережелер
- Архив
БІЗ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасы Допингке қарсы ұлттық орталығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1718 қаулысына сәйкес құрылған.
Орталықты құрудың қажеттілігі Қазақстанның спорттық қоғамдастығын допингке қарсы білім мен дағдыларымен қамтамасыз ету және спортшының таза спортқа деген құқығын қорғау мақсатынан туындады.
Қазақстан допингке қарсы ұлттық орталығы халықаралық допингке қарсы заңнамалық актілерге сәйкес жұмыс істейді. Орталықтың негізінде Орта Азия Өңірлік допингке қарсы үйымы (RADOCA) жұмыс істейді, ол бүткіл Орталық Азия бойынша: Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан, Ауғанстан Ислам Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы және Моңғолияда іс-шараларға бағыт-бағдар беру жолында қызмет атқарады.
Қазақстан Республикасы Допингке қарсы ұлттық орталығы - Қазақстан Республикасының допингке қарсы бағдарламасын жүзеге асыратын мемлекеттік ұйым.
Допингке қарсы ұлттық орталық басқа елдердегі допингке қарсы ұлттық ұйымдармен, Халықаралық Олимпиада Комитетімен, халықаралық федерациялармен және басқа да халықаралық ұйымдармен бірлесе жұмыс істейді.
ҚазДҚҰО негізгі миссиясы спортшыларға ақпарат беру және оларды әділ және адал ойын қағидаттарын және спортты допингтен сақтау үшін қажетті білім мен дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады.
ҚазДҚҰО Олимпиада Хартиясында бекітілген әділ спорт құндылықтарын қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған ақпараттық және білім беру бағдарламалары арқылы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырады. Орталық сондай-ақ допинг-бақылау жұмысымен айналысады, оған тестілеуді жоспарлау және жүргізу, допингке қарсы ережелерді бұзу фактілерін зерттеу, нәтижелерді өңдеу және ереже бұзу фактілері бойынша істі тыңдауды ұйымдастыру, терапиялық пайдалану жатады.
ОРТАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ БАҒЫТТАРЫ
Білім беру бағдарламалары
Жоспарлау және тестілеу
Өңдеу нәтижелері
Тексеру
Терапиялық қолдану
Шағымы бар тұлғалар төменде көрсетілген деректер бойынша хабарласа алады:
1. «Допингке қарсы ұлттық орталық» РМҚК
Жетекшісі: Бакашева Майра Кабылкановна
Сенім телефоны: +7(727)338-48-22
Е-mail: info@kaznadc.kz
2. «Мәдениет және спорт министрлігі – Адалдық алаңы»
Жетекшісі: Камзолдаев Марат Болысбекович
Сенім телефоны: +7-707-974-03-23
Е-mail: mks_poaa@mail.ru
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында 32 сәулесі бар күн бейнеленген, оның астында қалықтаған дала қыраны бейнеленген төртбұрышты көгілдір түсті мата. Ту тұғырында ұлттық ою-өрнекті тік жолақ бар. Күннің, сәуленің, қыранның және ою-өрнектің бейнелері алтын түсті. Тудың енінің ұзындығына қатынасы 1:2.
Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік туы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы
Елтаңба – мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді.
Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.
Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Сөз авторлары: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Алтын күн аспаны,Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің — Қазақстаным!
Музыка авторы – Шәмші Қалдаяқов
Кәсіпорын директоры Бакашева Майра Кабылкановна
жұмыс тел. номері: +7 (727) 338 48 22