Деректі фильм Қазақстанның көрнекті спортшысы, Қазақстандағы әйелдер футболының негізін қалаушылардың бірі Разия Нүркеноваға арналған. Туындыда оның өмір жолы мен спорттағы жетістіктері, отандық спорттың дамуына қосқан үлесі, қазақстандық спортшылардың халықаралық беделін нығайтудағы және Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы гуманитарлық байланыстарды дамытудағы еңбегі баяндалады.
Фильм тек көрнекті спортшының өмірбаянын баяндайтын туынды ғана емес, сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын спортты дамытуға, жастарды тәрбиелеуге, еңбекқорлық, кәсібилік, патриотизм және қоғамға қызмет ету құндылықтарын дәріптеуге өмірін арнаған тұлғаның тағдыры арқылы көрсететін маңызды қоғамдық-ағартушылық жоба болып табылады.
ЖАҢАЛЫҚТАР
бұзғаны үшiн жарыстан
шығарылып тасталған қазақстандық
спортшылардың тiзiмi Толығырақ ->
Допинг туралы бiзге хабарла, "таза" спортшыны қорғауға көмектес
Әдетте допингті ешбір күәгерсіз, жасырын немесе өзіне сырлас адамдардың арасында қабылдайды. Бірақ осы жағдайға күә болған немесе Дүниежүзілік допингке қарсы кодекстің қандайда болмасын ережелерін бұзу туралы ақпаратқа хабардар адам, біле тұра немесе еріксіз сыбайласы болып танылады.
Егер Сіз допингкті қабылдаудың күәгері болсаңыз, бізге хабарласып адал спортты қолдауға үлесіңізді қосыңыз!
Орталықтың жасырын қызметі әрбір спортшыға алаяқпен емес, таза спортшымен жарысуына сенімді болуына ықпал етеді.






















