- Адамның өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін, күшті әсер ететін заттар
- Дүниежүзілік Допингке қарсы Кодекс
- ДДҚА тыйым салынған тізімі
- Халықаралық стандарттар
- Терапиялық қолдану
- ТК-ға сұраным бақылау нысандары
- Тестілеу пулдері және орналасқан жері туралы ақпарат
- НҚА
- Мемлекеттік сатып алулар
- ТП өтінім беру үшін бақылау нысаны
- Архив
Терапиялық қолданудың Халықаралық стандартына сәйкес спортшының терапиялық қолдануға (бұдан әрі-ТҚ) рұқсат болған жағдайда емделу үшін Тыйым салынған тізімдегі субстанциялар немесе әдістерді қолдануға құқы бар.
Халықаралық деңгейде өнер көрсетпейтін спортшылар TҚ сұранымдарын Қазақстан Допингке қарсы ұлттық орталығына (бұдан әрі - ҚазДҚҰО) жіберулері тиіс. Халықаралық деңгейдегі спортшылар TҚ сұранымдарын тиісті халықаралық спорт федерацияларына жіберулері керек.
TҚ сұранымдарын ҚазДҚҰО-ға медициналық көрсетілімдерге байланысты спортта тыйым салынған субстанцияларды және / немесе әдістерді қолдануды қажет ететін және Қазақстан Допингке қарсы ережелеріне сәйкес ұлттық деңгейдегі спортшылар жібере алады (яғни спорттық іс-шаралардың Бірыңғай күнтізбесіне енгізілген, Қазақстан Республикасының чемпионаты мәртебесіне ие жарыстарға, Қазақстан Республикасының Кубогы, Қазақстан Республикасының Спартакиадасы, Жастар ойындары және басқа ресми спорттық жарыстарға қатысатын спортшылар, егер олар тиісті халықаралық федерация белгілеген өлшемшарттарға сәйкес халықаралық спортшылар қатарына жатпаса).
Халықаралық дәрежедегі спортшылар (әр халықаралық спорт федерациясы анықтағандай) ТҚ сұранымдарын өз халықаралық федерациясына жіберуі тиіс.
Ұлттық және халықаралық дәрежеде өнер көрсетпейтін спортшылар TҚ сұранымдарын алдын-ала жіберуге міндетті емес және талдаудың қолайсыз нәтижелері туралы хабарлама алғаннан кейін ТҚ-ға ретроактивті сұраным жіберуге құқылы.
TҚ сұранымы сұраным жіберу кезінде қолданыстағы ТҚ Халықаралық стандартына және Қазақстан Допингке қарсы ережелеріне сәйкес келуі тиіс және оны Терапиялық қолдану жөніндегі Комитет (ТҚК) тиісті дәрежеде толтырылған сұраным нысаны мен барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін ғана қарайды. Толық толтырылмаған сұраным спортшыға толтыру үшін және қайтадан жіберу үшін кері қайтарылады. ТҚК спортшыдан немесе оның дәрігерінен кез-келген қосымша ақпаратты, медициналық тексеру нәтижелерін, визуализациялық зерттеулерді немесе өзі қажет деп санайтын басқа да ақпаратты сұрай алады.
TҚ сұранымына емдеуші дәрігердің қолы қойылып, аурудың түпкілікті тарихымен, оның ішінде алғаш диагноз қойған дәрігердің (дәрігерлердің) құжаттамаларымен, осы сұранымға қатысты барлық тексеру нәтижелерімен, зертханалық зерттеулер мен визуализациялық зерттеулермен бірге жіберілуі тиіс. ТҚК шешіміне сәйкес спортшыдан немесе оның дәрігерінен ТҚК TҚ сұранымын қарау үшін қажет деп санайтын кез-келген қосымша ақпарат, талдаулар, визуализациялық зерттеулер және басқа да ақпарат сұралуы мүмкін. Сондай-ақ, ТҚК қажет болған жағдайда басқа медициналық немесе ғылыми сарапшылардың көмегіне жүгіне алады.
TҚ-ға рұқсат алу критерийлері:
- Тыйым салынған субстанция немесе тыйым салынған әдіс тиісті клиникалық мәліметтермен дәлелденіп, анықталған ауруды емдеу үшін қажет. Тыйым салынған субстанция немесе тыйым салынған әдісті қолдану мына сияқты емдеу емес, қажетті диагностикалық зерттеудің бөлігі болуы мүмкін.
- Тыйым салынған субстанцияны немесе тыйым салынған әдісті терапиялық қолдану, ықтималдықтың тепе-теңдігі негізінде, спортшының ауруын емдеуден кейін оның денсаулығының қалыпты жағдайға оралуынан бөлек спорттық көрсеткіштерінің қосымша жақсаруына әкелмейді. Белгілі бір спортшының қалыпты денсаулық жағдайы- нашарлаған жағдайда спортшы ТҚ-ға рұқсат сұрайтын денсаулық жағдайы.
- Тыйым салынған субстанция немесе тыйым салынған әдіс ауруды емдеу үшін көрсетілген және оның басқа дұрыс терапиялық баламасы жоқ. Дәрігер таңдалған емнің анағұрлым сәйкес келетіндігін, мысалы, тәжірибені, жанама әсерлердің профилін немесе басқа медициналық себептерді, оның ішінде белгілі бір аймаққа тән медициналық практиканы және дәрі-дәрмекке қол жеткізу мүмкіндігін негізге ала отырып, түсіндіруі қажет. Сондай-ақ, тыйым салынған субстанцияны немесе тыйым салынған әдісті қолданар алдында кез-келген баламаны әрқашан қолданудың қажеті жоқ.
- Тыйым салынған субстанцияны немесе тыйым салынған әдісті қолдану қажеттілігі қолданылып жатқан кезде тыйым салынған субстанцияны немесе әдісті бұрын қолданудың (TҚ-сыз) толық немесе ішінара салдары болып табылмайды.
TҚ-ға рұқсат беру туралы шешім тек жоғарыда көрсетілген шарттар негізінде қабылданады. ТҚК шешім қабылдағанда тыйым салынған субстанция немесе тыйым салынған әдістің клиникалық тұрғыдан неғұрлым қолайлы немесе қауіпсіз екендігі және барлық юрисдикцияларда қолданудың заңды екендігі ескерілмейді.
Тыйым салынған субстанцияны және (немесе) тыйым салынған әдісті медициналық көрсетілімдер бойынша қолдану қажет болған спортшы ТҚ-ға рұқсатты аталған субстанцияны және / немесе әдісті қолданудан немесе оған қол жеткізбес бұрын алуы қажет. Рұқсат қажет спортшы ТҚ-ға мүмкіндігінше тезірек сұраным жіберуі тиіс. Жарыс кезеңінде тыйым салынған субстанцияларды ТҚ үшін сұраным жарыс кезеңі басталғанға дейін кемінде 30 күн бұрын берілуі тиіс (оларды қолдану жарыс кезеңінде қажет болса).
Спортшыға ТҚ-ға ретроактивті рұқсат келесі жағдайларда (тыйым салынған субстанцияны және / немесе әдісті қолданғаннан кейін) берілуі мүмкін:
а) шұғыл медициналық көмек көрсеткенде немесе денсаулығы күрт нашарлаған кезде көмек көрсету кезінде;
ә) жеткілікті уақыт пен мүмкіндіктер болмаған жағдайда немесе нәтижесінде спортшы сынамалар алынғанға дейін ТҚ-ға сұраным жібере алмаған (немесе ТҚК қарай алмаған) басқа ерекше жағдайлардың болуы;
б) спортшы ұлттық немесе халықаралық деңгейдегі спортшы емес;
в) Тек жарыс кезеңінде тыйым салынған субстанцияларды жарыстан тыс кезеңде
терапевтік мақсаттарда қолданған жағдайда (мұндай спортшыларда TҚ беру
критерийлеріне сәйкестігін растайтын медициналық құжаттардың толық
жиынтығының болуы табанды түрде ұсынылады, жоғарыдан қараңыз). Бұл ереже
спортшы тек жарыс кезеңінде тыйым салынған субстанцияны жарыстан тыс
уақытта терапевтік мақсатта қолданған жағдайда қолданылады, алайда жарыс
кезеңінде субстанцияның ағзада сақталып қалу қаупі бар.
Ерекше жағдайларда, егер, Кодекстің мақсаты ескеріле отырып, спортшыға ретроактивті рұқсат беруден бас тартудың әділетсіздігі айқын болса, спортшының ТҚ-ға ретроактивті рұқсат сұрауына және алуына болады. Допингке қарсы ұйым ТҚ-ға ретроактивті сұранымды осы ережеге сәйкес тек ДДҚА алдын-ала мақұлдаған жағдайда ғана мақұлдай алады.
ТҚ-ға сұраным жіберетін спортшы келесі ақпаратпен танысуы тиіс:
а) TҚ сұранымына қатысты барлық ақпарат терапиялық қолданудың Халықаралық стандартына сәйкес TҚ сұранымын қарау құқығына ие барлық TҚК мүшелеріне, басқа тәуелсіз медициналық немесе ғылыми сарапшыларға, сондай-ақ, ТҚ сұранымдарының өңделуіне, қаралуына немесе ол жөнінде шағымдануға қатысатын барлық қызметкерлерге (ДДҚА қызметкерлерін қоса) беріледі;
ә) спортшы өз дәрігеріне өзінің денсаулығына қатысты ТҚК сұрауы бойынша ТҚК спортшының ТҚ-ға сұранымын қарап, шешім қабылдау үшін қажетті деп санайтын кез-келген ақпаратты кез-келген тиісті ТҚК-ке беруге өкілеттік беруі керек.
б) ТҚ сұранымы бойынша шығарылған шешім спортшыны тестілеуге және (немесе) нәтижелерді өңдеуге өкілеттігі бар барлық Допингке қарсы ұйымдарға жіберіледі.
TҚК TҚ-ға рұқсат беру немесе одан бас тарту туралы шешімді мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде қабылдайды. Әдетте (егер ерекше жағдайлар туындамаса) шешім толығымен рәсімделген сұранымды алған күннен бастап 21 күн ішінде қабылданады.
ТҚК шешімі спортшыға жазбаша түрде жеткізіледі және АДАМС жүйесінде қол жетімді. Мақұлданған жағдайда рұқсатта тыйым салынған субстанцияның және (немесе) тыйым салынған әдісті қолданудың мөлшері, қолданылу жиілігі, енгізу жолы және ұзақтығы, клиникалық жағдайлар, сондай-ақ, рұқсат берілуіне байланысты анықталған кез-келген жағдайлар көрсетіледі.
Егер спортшыға TҚ-ға рұқсат алғаннан кейін тыйым салынған субстанцияның және (немесе) тыйым салынған әдістің рұқсатта көрсетілген мөлшерін, жиілігін, енгізу жолын немесе ұзақтығын айтарлықтай өзгерту қажет болса, онда ол ТҚ-ға жаңа сұраным жіберуі керек.
Белгілі бір ауру жағдайларында, әсіресе емдеу режимін анықтаудың алғашқы кезеңінде немесе бірінші типті қант диабеті сияқты ауруларда, мөлшердің өзгеруі мүмкін. Мұндай ықтимал ауытқулар TҚ-да ескерілуі тиіс. Алайда, TҚ-да ескерілмеген өзгеріс болған жағдайда спортшы жаңа TҚ-ның қажеттігі бар немесе жоқ екенін анықтау үшін допингке қарсы ұйымға хабарласуы керек.
Рұқсат беруден бас тарту туралы шешім берілгенде оның себептері түсіндіріледі.
Әрбір TҚ-ға рұқсаттың қатаң белгіленген қолданылу мерзімі бар және мерзімі біткен соң рұқсат күшін жояды. Егер спортшыға рұқсат мерзімі біткеннен кейін тыйым салынған субстанцияны немесе тыйым салынған әдісті қолдануды жалғастыру қажет болса, ол ТҚК-нің шешім қабылдау үшін жеткілікті уақыты болуы үшін, жаңа ТҚ-ға сұранымды рұқсат мерзімі біткенге дейін жіберуі тиіс.
Егер спортшы рұқсатта көрсетілген талаптарды немесе шарттарды орындамаса, TҚ-ға рұқсат мерзімі өткенге дейін қайтарылып алуы мүмкін.
Егер ҚазДҚҰО берген TҚ-ға рұқсаты бар спортшы халықаралық деңгейге өтсе (әр
халықаралық спорт федерациясы анықтағандай) немесе халықаралық спорттық
іс-шараға қатысатын болса, онда бұл рұқсаттың тиісті халықаралық федерация
мойындағанша күші болмайды. Спортшы өзінің жарыс деңгейінің өзгергені
туралы ҚазДҚҰО-ға хабарлауы керек. Мұндай жағдайда ҚазДҚҰО спортшыға оның
TҚ-ға рұқсатын мойындауға сұраным жіберуіне көмек көрсетеді.
Спортшы бір және сол тыйым салынған субстанция немесе тыйым салынған әдісті бір және сол ауру кезінде қолдануға қатысты ТҚ-ға сұраным беру үшін бірден артық допингке қарсы ұйымға жүгіне алмайды. Спортшы, сондай-ақ, сол тыйым салынған субстанцияны немесе сол тыйым салынған әдісті қолдану үшін бірден артық ТҚ-ға иелік ете алмайды (бұрын берілген ТҚ кез- келген осындай жаңа TҚ-мен ауыстырылады).
TҚ сұранымының бланкі kaznadc.kz сайтында орналастырылған. Спортшылар TҚ сұранымын ҚазДҚҰО-ға мынадай жолдармен:
antidopingkaz@mail.ru электрондық пошта арқылы,
- Сейфуллин даңғылы, 563А, 500-кеңсе, Алматы қаласы, 050012, Қазақстан мекен-жайы бойынша жібере алады.