Құрметті спортшылар!

Баршаңызға ТЖ жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес 30 наурыздан 5 сәуірге дейін меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдардың қызметі тоқтатылғаны белгілі. Біз көптеген ұйым сияқты өз жұмысымызды қашықтан жұмыс форматқа аудардық. Бұл уақыт бізге, бұрын уақыт жетпейтін нәрселерге назар аударуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, құрметті спортшылар АDАМs бағдарламасындағы жұмыс мәселелері бойынша кеңес беру онлайн режимде жүргізілетініне назар аударғымыз келеді. Сондай-ақ, карантинге қарамастан, сіз өзіңіздің мекен-жайыңыз туралы ақпаратты толтыруға міндеттісіз.