Алматы қ. санитарлық - эпидемиологиялық жағдайға және ҚазҰДҚО кеңсесінің қашықтықтан жұмыс жасауына байланысты, Орталықтың телефонын қолданбай, барлық өтініштерді info@kaznadc.kz поштасы арқылы жіберулеріңізді сұраймыз.

Көптеген спорттық іс-шаралар өткізілмейтін болғандықтан, ҚазДҚҰО  допингке қарсы онлайн-тренинг өткізуге көп көңіл бөлуге шешім қабылдады. Қазір адамдардың бос уақыттары көп болғандығынан, кез-келген спортшы, жаттықтырушы, спорт дәрігері, дене шынықтыру мұғалімі, спорт федерациясының қызметкері, ата-аналар және т.б. Дүниежүзілік допингке қарсы кодексті және допингке қарсы ережелерді ескере отырып жасалған онлайн курстардың бірін біздің сайттан өте алады: https://kaznadc.kz

2 онлайн-курс мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалынған, мұнда допингті қолданудың алдын алуына арналған ең қажетті ақпараттар бар. Бұл курс әсіресе допингті қолданған үшін жауапкершіліктің артуына байланысты және 2019 жылы қабылданған «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген толықтырулар мен түзетулерге байланысты өзекті болып келеді. Толық онлайн-курсты 3 күн ішінде аяқтағаннан кейін сертификат автоматты түрде 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) беріледі, ол ұлттық және халықаралық деңгеймен бірдей күшке ие.

 

Құрметті спортшылар, сіздерді Instagram әлеуметтік желісіндегі QazNADO Challenge-на қатысуға шақырамыз. Шарттар өте қарапайым, егер сіз допингке қарсы онлайн курсын өткен болсаңыз, сертификаттарыңыздың скриншотын #qaznadoChallenge, #cleansport, #StayEducated хэштегтерімен жазып, @qaznado, @wada аккаунттарын тіркеп, эстафетаны келесі спортшыларға тапсыруыңыз керек!

Сонымен қатар, Қазақ спорт және туризм академиясымен (КазАСТ) өткізілген «Бейімделген дене шынықтыру және спорт: қазіргі жағдайы және даму болашағы»  тақырыбындағы біліктілікті жоғарылату курсы аясында допингке қарсы ұлттық орталық паралимпиадалық спортшылар арасында допингті қолдану проблемалары туралы дәріс беретінін хабарлаймыз.  Онлайн трансляция 26 наурызда сағат 12: 00-ден 13: 00-ге дейін КазАСТ сайтында өтеді, дәрістер жазбасы біздің www.kaznadc.kz сайтында қол жетімді болады.

#QazNADOchallenge #StayHome #StayEducated ⠀
#ЖарыстаАдалБол #ЗаЧистыйСпорт #PlayTrue