Алматы қ. санитарлық - эпидемиологиялық жағдайға және ҚазҰДҚО кеңсесінің қашықтықтан жұмыс жасауына байланысты, Орталықтың телефонын қолданбай, барлық өтініштерді info@kaznadc.kz поштасы арқылы жіберулеріңізді сұраймыз.

Еліміз тәуелсіздік алған айтулы күн — 1991 жылдың 16 желтоқсаны Қазақстанның әрбір азаматының есінде. Биылғы жылы ел тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуде, бұл — бүкіл Қазақстан бойынша тойланатын ірі оқиға. Бұл — жай ғана мереке емес, Қазақстанда тұратын барлық халықтардың қажырлы еңбегі мен достығының нәтижесі. Қазіргі Қазақстан — экономикасы тұрақты және болашаққа тиімді жоспары бар тәуелсіз, егеменді, демократиялық мемлекет. Бүгінде Қазақстан өзін, өзінің құқықтары мен мақсаттарын батыл жариялай алады.

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстанды әлемдік қауымдастық толеранттылықты, барлық этнос өкілдерінің конфессияаралық және мәдениетаралық келісімін қамтамасыз етуге бағытталған дәйекті ішкі саясатты жүргізуші мемлекет ретінде таныды. Қазақстанның біртұтас халқы белсенді түрде заманауи және бәсекеге қабілетті зайырлы мемлекет құруда.

Қазақстан өзін халықаралық қоғамдастықтың достық, тату көршілік және өзара тиімді ынтымақтастықтың мызғымас бейбіт және сындарлы саясатын жүргізіп отырған толыққанды мүшесі ретінде танытты.

Дәл осы тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан өз экономикасын, білімін, мәдениетін дамытуға, сондай-ақ өзінің сыртқы саясатын жүргізуге мүмкіндік алды. Бүгінгі күні біздің еліміз жетекші халықаралық ұйымдардың – БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ және басқа мемлекетаралық бірлестіктердің мүшесі. Бұл кез-келген қазақстандықты қуантпай қоймайды.

Қазақстан Республикасының Президенті – Конституцияның кепілі. Конституция – кез-келген заманауи мемлекеттің негізгі заңы, сонымен бірге ертеңгі тұрақтылықтың кепілі.

Біздің бүгінгі міндетіміз – шынайы патриотизмді нақты істермен көрсетіп, ел тәуелсіздігін нығайту. Баршамыз, ұлтымызға қарамай, елімізге пайдалы, Отан тағдыры үшін жауапты болуымыз қажет.