Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығының (ҰДҚО) СOVID-19 және тестілік бағдарлама туралы мәлімдемесі.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус себебінен енгізілген төтенше режимді ескере отырып, ҰДҚО өзінің операциялық белсенділігін қайта қарады. Осы күрделі жағдайда атлеттердің, сондай-ақ допингке қарсы күрес ұйымы қызметкерлерінің, атап айтқанда допинг-бақылау инспекторларының денсаулығы мен амандығы басымдықтар болып табылады.

Қызметердің азаюына қарамастан, ҰДҚО өзінің тестілік бағдарламасының жалғасқаны туралы хабарлайды. Атлеттер кез келген күн мен уақытта сыналуы мүмкін. ҰДҚО спортшылары мен қызметкерлерін қорғау мақсатында допинг-бақылау рәсімін өткізу кезінде ерекше қорғау және алдын алу шараларды қолдану мүмкін.

Қосымша ақпарат: 

* Ұлттық және халықаралық тестілеу пулына енгізілген атлеттер міндетті түрде өзінің орналасқан жері туралы ақпарат беруді жалғастыруға тиіс •

* Қазақстандық спортшы шетелде болып, допинг-бақылау рәсімінен өткен жағдайда, ҰДҚО атлетке процедураны үзбеуді және рәсім кезінде допинг-бақылау хаттамасында бар түсініктемелерді/мазасыздықты көрсетуді ұсынады.