сенIм телефоны: +7 (727) 248 58 99 e-mail: info@kaznadc.kz
Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің допингке қарсы ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған елеулі қаржылық үлес қосқанын жариялады.
Аталған сома Қазақстанның WADA бюджетіне жыл сайынғы жарнасына қосымша болып табылады және агенттік пен Министрлік арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандум аясында расталды.
«WADA-мен ынтымақтастық біз үшін стратегиялық маңызға ие. Қазақстанда таза спорт мәдениетін қалыптастыруға, халықаралық стандарттарды нығайтуға және әлемдік озық тәжірибиелерді енгізуге басымдық беріледі. Еліміздің допингтің алдын алу және білім беру бағытындағы бағдарламаларды қолдап, оларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді», — деді ҚР Туризм және Спорт министрі Ербол Мирзабосынов.
Сонымен қатар, WADA мен Қазақстан Үкіметі агенттіктің Атқарушы комитеті мен Құрылтай кеңесінің отырыстарын 2027 жылғы қараша айында еліміздің астанасы — Астанада өткізу туралы келісім жасасты. Бұл іс-шараларды өткізу мемлекеттік тараптың жаһандық допингке қарсы жүйені дамытуға қосқан тағы бір маңызды үлесі болмақ.
Тиісті келісімдер 2026 жылғы 22 наурызда Польшаның Торунь қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы әлем чемпионаты аясында WADA президенті Витольд Банька мен Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың кездесуі нәтижесінде қол жеткізілді.
WADA президенті Витольд Банька Қазақстан тарапынан көрсетілген қосымша қаржылық қолдау халықаралық деңгейдегі допингке қарсы ғылыми зерттеулердің дамуына елеулі ықпал ететінін атап өтті.
«Қазақстанның Туризм және Спорт министрлігіндегі серіктестеріміздің қосымша үлесін жоғары бағалаймыз. Бұл қолдау бүкіл әлем бойынша допингке қарсы зерттеулердің дамуына айтарлықтай үлес қосады. Сондай-ақ, Қазақстан Үкіметіне WADA Атқарушы комитеті мен Құрылтай кеңесінің отырыстарын қабылдауға дайын екендігі үшін алғысымды білдіремін. Бұл елдің өңірде таза спортты ілгерілетудегі көшбасшылық рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді», — деді ол.
Айта кету керек, WADA-ның негізгі қаржыландыруы Олимпиадалық қозғалыс пен әлем елдерінің үкіметтері тарапынан түсетін жарналар есебінен қалыптасады. Мемлекеттік жарналар агенттік 1999 жылы құрылғаннан кейін бекітілген өңірлік қағидат бойынша бөлінеді. Олимпиадалық қозғалыс WADA бюджетін тең қаржыландырып, оның 50%-ына дейінгі бөлігін қамтамасыз етеді. Тұрақты жарналардан бөлек, агенттік қызметі серіктестердің қосымша инвестициялары мен халықаралық ұйымдармен бірлескен жобалар арқылы да қолдау табады.
Құрметті келуші!
Сіз бұл бөлімде ҚазДҚҰО қызметкерлері тарапынан жасалған өзіңізге мәлім болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы (пара беру, алу және осы мақсатта бопсалау, қызмет бабын асыра пайдалану немесе сыбайлас жемқорлықтың басқа да көріністері) туралы хабарлай алайсыз.
Өзіңізге мәлім болған сыбайлас жемқорлық фактілері туралы бізге төменде келтірілген өтініш нысанын толтыру арқылы хабарлай аласыз. Сіз өз мәлімдемеңізге қажетті құжаттар мен материалдарды электронды түрде қосып жіберуге, немесе аталған құжаттар мен материалдарды, болмаса олардың көшірмелерін жазбаша түрде ҚазДҚҰО мекенжайына (Алматы қаласы, Сейфуллин көшесі, 563а, 500-кеңсе) жіберуге құқылысыз.
Сіздің мәлімдемеңіз Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңымен белгіленген тәртіппен қаралады.
Басқа тұлғаның ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.
Сіздің белсенді азаматтық ұстанымыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Уважаемый посетитель!
В данном разделе Вы можете сообщить об известных Вам фактах коррупции (дача, получение и вымогательство взятки, злоупотребление и превышение должностных полномочий, или иных проявлениях коррупции) со стороны работников КазНАДЦ.
Известные Вам факты коррупционных проявлений Вы можете сообщить нам, заполнив расположенный ниже бланк обращения. Вы вправе приложить к такому обращению необходимые документы и материалы в электронной форме, либо направить указанные документы и материалы или их копии в письменной форме в адрес КазНАДЦ (г.Алматы, ул.Сейфуллина 563а, офис 500).
Ваше обращение будет рассмотрено в порядке, установленном Законом Республики Казахстан от 12 января 2007 года N 221 «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц»
Обращаем Ваше внимание, что за распространение заведомо ложных сведений, порочащих честь и достоинство другого лица или подрывающих его репутацию, предусмотрена ответственность Уголовным кодексом Республики Казахстан.
Выражаем благодарность за Вашу активную гражданскую позицию.
KazNADС Қазақстан Республикасында тіркелген биологиялық белсенді қоспалар мен дәрі-дәрмектерге ғана қатысты спорттық тамақтану мен фармакологияны қауіпсіз пайдалану жөнінде кеңестер беретінін назарларыңызға ұсынамыз.
Қазақстан Республикасы Допингке қарсы ұлттық агенттігінің мамандары Сіздің сұрағыңызға жауап беру үшін барын салады!
Обращаем Ваше внимание, что KazNADC проводит консультации по безопасному применению спортивного питания и фармакологии только в отношении биологически активных добавок и лекарственных средств, имеющих регистрацию в Республике Казахстан.
Специалисты Национального антидопингового агентства Республики Казахстан сделают все возможное, чтобы ответить на Ваш вопрос!