IWF және Қазақстан: Таза спорт туралы диалог


Президент Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари басқарған Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) делегациясы Қазақстанға келіп, допингке қарсы бағдарламаның негізгі мәселелері бойынша Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясымен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесуге Ауыр атлетика федерациясының президенті және Бахрейннің ҰОК-ң вице-президенті Исхак Ибрагим Исхак Абдулрахман, Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Гаджиев, федерацияның Бас хатшысы Мадина Астамирова, Қазақстанның Допингке қарсы ұлттық орталығының директоры Майра Бакашева, сондай-ақ, Қазақстанның ҰОК-ң Бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысты.

Кездесу Қазақстанның ауыр атлетикадан құрама командасы мен мүшелеріне арналған допингке қарсы бағдарламасының мәселелерін талқылауға бағытталған.

Кездесу аясында ҚазДҚҰО-ң директоры, спорттың тазалығын қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстанның допингке қарсы орталығының негізгі бағыттары туралы айтты. Тыйым салынған препараттарды қолдануды алдын алуға бағытталған орталықтың білім беру бастамаларына ерекше назар аударылды, «Біз үшін бұзушылықтарды анықтау ғана емес, олардың алдын алу да маңызды. Біз жас спортшыларға арналған білім беру семинарларын тұрақты түрде өткіземіз, онда тыйым салынған препараттарды қолданудың салдарын түсіндіреміз және денсаулыққа назар аударамыз. Біздің іс-шараларымыздың негізгі аспектілерінің бірі спорттық тағамның сапасын мұқият бақылау қажеттігі туралы ағарту ісі болып табылады» – деп атап өтті Майра Бақашева.

IWF делегациясы тарапынан ҚазДҚҰО-ң қызметі жоғары бағаланды, бұл ұлттық және халықаралық деңгейде таза спорт мәдениетін дамытуда жүргізіліп жатқан жұмыстың маңыздылығын растайды. Сондай-ақ, тараптар халықаралық спорт аренасында одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге келді.

IMG_3272
IMG_3271
IMG_3267
IMG_3269
IMG_3270