2026 АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ: СПОРТШЫЛАР МЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


Спортшылар мен спорт мамандары үшін маңызды ақпарат!

«Ұлттық допингке қарсы орталық» РМҚК Азия Олимпиадалық кеңесінің талаптарына сәйкес, келесі ойындарға қатысуды жоспарлап отырған барлық спортшылар мен жаттықтырушылар допингке қарсы оқудан өтіп, сертификат алуы керек екенін хабарлайды:

 

VI Азия Жағажай ойындары, 2026 жылғы 22-30 сәуір, Санья, Қытай

XX Азия ойындары, 2026 жылғы 19 қыркүйек – 4 қазан, Нагоя-Аичи, Жапония.

 

Тіркелу кезінде спортшылар ADEL платформасындағы онлайн оқытуды сәтті аяқтағаны туралы сертификат ұсынуы керек:

  1. International-Level Athletes Education Program – ірі халықаралық жарыстарға дайындалатын спортшыларға арналған курс.
  2. Coaches for High Performance – жоғары деңгейлі спортшылармен жұмыс істейтін және оларды халықаралық жарыстарға дайындайтын жаттықтырушыларға арналған курс.

Толық ақпарат пен тіркелу нұсқауларын ADEL ресми сайтынан алуға болады:

https://adel.wada-ama.org

 

Бұл талап әділ спорт қағидаларын терең түсінуге және спортшылардың халықаралық жарыстарға дайындығын жақсартуға бағытталған.

Адал спорт сенен басталады!