ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ АНТИДОПИНГ ОРТАЛЫҒЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ЕКІ КҮНДІК СЕМИНАР ӨТКІЗЕДІ.


Пресс-Анонс

«Допинг және онымен күрес жайлы» -2

Өткізу орны: Алматы қаласы

Өткізу уақыты: 2021 жылдың 8 – 9 қарашасы, сағат 10:00 – 17:00 (екі күндік семинар)

Бұқаралық ақпараттар құралдары (БАҚ) әлемде орын алып жатқын оқиғаларды айқындайтын және түсіндіретін негізгі құралдардың бірі. Қоғам БАҚ арқылы қандай да бір жағдай туралы өз пікірін қалыптастырады, сондықтан допингті қолданудың өзекті мәселелерін айқындауда ерекше орын алады.

Спортшылар өз көрсеткіштерін жақсарту мақсатында тыйым салынған субстанцияларды пайдалану кесірінен допинг даулары осы күнге дейін жаңалықтардың басты тақырыбына айналуда. Өкінішке орай бұл тенденция жастар арасында да байқалады. Жоғарыда аталған мәселе допингке дұрыс бағытта көз қарасты қалыптастыруға көмектесетін білім беру бағдарламаларын дамыту қажеттілін туындайды.

Осыған орай, 8ші қарашада БАҚ өкілдеріне арналған білім беру семинары өткізіледі. Семинар барысында келесі тақырыптар талқыланады:

– Допингтің анықтамасы, оның спорттағы орны;
– 2021 жылғы Кодекс бойынша допингке қарсы ережелерді бұзу;
– 2021 жылғы тыйым салынға Тізім;
– Допингке қарсы білім беру бағдарламалардың маңыздылығы;
– Спорт қоғамдастығында допингке қарсы білім беру іс-шараларын жүзеге асыру;
– Статистика;
– Допингті қолдануды алдын алуда көмекші персоналдың рөлі мен алатын орны;
– Допингке қарсы ережелерді бұзғандығы үшін жауапкершілікті күшейтуге бағытталған «Дене шынықтыру және спорт» Қазақстан Республикасы Заңындағы өзгерістер, допингке қарсы бағытты насихаттаудағы БАҚ ерекше рөлі;

Семинарға қатысушылар талқылауларға белсенді қатысып, допингке қарсы ұлттық Орталық мамандарынан өз сұрақтарына жауап ала алады. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттары берілетін болады. 9шы қарашада семинар қатысушылары допингке қарсы ұлттық Орталықтың кеңсесіне барып мамандардың жұмысымен танысуға мүмкіндігіне ие болады.

Спикерлер:
Майра Бақашева – допингке қарсы ұлттық Орталықтың директоры, Орта Азия бойынша допингке қарсы аймақтық ұйымдардың (RADOCA) төрағасы;
Галия Жумабаева – білім беру бағдарламаларының маманы.
Қазақстан Республикасының жетекші спортшылары мен жаттықтырушылары.

Тапсырыстарды мына сілтеме бойынша бере аласыздар: https://forms.gle/gUeRnPbYWWQbcsHfA
Допингке қарсы ұлттық Орталықтың байланыс телефон номерлері: +7 708 914 61 54 Галия (WhatsApp, Telegram), e-mail: gzhymabayeva@gmail.com