Допинг- бақылау

Допинг-бақылау - спортшыға хабарлама жіберу, допинг-бақылау станциясына бару, сынама ұсыну, допинг-бақылау хаттамасына қол қою және допинг-бақылау станциясынан кету сияқты әрекеттерді қамтитын процесс. Допинг-бақылау процедурасы сынаманың сақталуын, тұтастықтығы және сәйкестігін, сонымен қатар спортшының жеке ақпаратының құпиялығын қамтамасыз етеді.

Спортшының міндеттері мен құқықтары

СПОРТШЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

  • Тыйым салынған тізімнің жаңартылуын қадағалап отыру.
  • Ол қолданатын немесе пайдаланғысы келетін әдіс немесе cубстанцияға тыйым салынбағанын тексеру.
  • Медициналық қызметкерді спортшыға тыйым салынған субстанциялар мен әдістерді қолдану үшін терапиялық қолдануға (ТҚ) рұқсат қажет екенін хабарлау.
  • Егер спортшы ұлттық және / немесе халықаралық тестілеу пулына кіретін болса, онда ол өзінің орналасқан жері туралы жаңа ақпарат ұсынуға міндетті.


СПОРТШЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

  • Допинг-бақылау инспекторының немесе шаперонның жеке куәлігімен танысу құқығы.
  • Өзімен ілесіп жүретін адамды таңдау құқығы.
  • Спортшымен бір жыныстағы допинг-бақылау инспекторының қатысуымен сынама тапсыру құқығы.
  • Допинг-бақылау хаттамасына ескертулер қалдыру құқығы.
  • Допинг-бақылау процедурасы бойынша қосымша түсініктеме алу құқығы.
  • Процедураның соңында хаттаманың көшірмесін алу құқығы.
  • Құпиялылықтың сақталу құқығы: зертхана маманы кімнің сынамасын тексеріп жатқанын білмейді.
  • Кәмелетке толмаған спортшылар мен физикалық мүмкіндігі шектелген спортшыларға арналған допинг-бақылау процедурасын өзгерту құқығы.

Допинг-бақылау процедурасы (несеп сынамасы)

1-қадам: Допинг-бақылау инспекторы немесе шаперон Сізге допинг-бақылау үшін таңдалып алғаныңыз туралы хабарлайды.

2-қадам: Хабарлама жіберілген сәттен бастап Сізді допинг-бақылау станциясына дейін алып жүреді.

3-қадам: Дайын болған кезде Сізге зәр жинау үшін стакан таңдау керек.

Қаптаманың бүтіндігін тексеріңіз!

4-қадам: Допинг-бақылау инспекторы Сіз несептің қажетті мөлшерін тапсыруыңыз үшін Сізбен бірге жүреді. Денені белден бастап жамбастың ортасына дейін жалаңаштап, жеңді шынтаққа дейін қайыру керек. Сынаманы жинағаннан кейін ыдыстың қақпағын жабу қажет.

5-қадам: Сізге кем дегенде 90 мл тапсыру керек.

6-қадам: A және B деп белгіленген құтылары бар контейнерлер жиынтығын таңдаңыз. Қаптаманың бүтіндігін тексеріңіз!

7-қадам: Допинг-бақылау инспекторының нұсқаулары бойынша құтыларды ашыңыз.

8-қадам: Сынаманы стаканнан құтыларға құйыңыз. В құтысына 30 мл, А құтысына 60 мл.

9-қадам: Екі құтыны да қақпақтары соңғы рет сырт еткенше бұрап жабыңыз.

10-қадам: Допинг-бақылау инспекторы несептің салыстырмалы тығыздығын анықтау үшін несеп қалдықтарына экспресс-тест жүргізеді.

11-қадам: Сіз мынадай ақпаратты беруіңіз керек:

  • Жеке басыңыз туралы мәліметтер
  • Өзіңіз 7 күн ішінде қабылдаған дәрі-дәрмектер мен тағамдық қоспалар
  • Қандай да бір түсініктемелер немесе ескертпелер, егер бар болса

Сонан соң барлық берілген ақпаратты тексеріңіз!

Хаттамаға қол қойып, көшірмесін алыңыз.

Допинг-бақылау процедурасы (қан сынамасы)

1-қадам: Допинг-бақылау инспекторы немесе шаперон Сізге допинг-бақылау үшін таңдалып алынғаныңыз туралы хабарлайды.

2-қадам: Хабарлама жіберілген сәттен бастап Сізді допинг-бақылау станциясына дейін алып жүреді.

3-қадам: Сіз тыныш қалыпта кемінде 10 минут отыруыңыз керек. Егер сынама спортшының биологиялық паспорты үшін қажет болса, онда соңғы жаттығу немесе жарыс сәтінен кейін кем дегенде 2 сағат өту керек.

4-қадам: Кем дегенде үшеу болуы тиіс қан алу жиынтығынан біреуін таңдаңыз. Оның бүтіндігін тексеріңіз.

5-қадам: Жиынтықты қайшының көмегімен ашыңыз.

6-қадам: Ішінен барлығын шығарып, бүтіндігін тексеріңіз. Құтылардағы, қақпақтардағы, жапсырмалардағы, қаптамадағы нөмірлерді тексеріңіз.

7-қадам: Допинг-бақылау инспекторының нұсқаулары бойынша құтыларды ашыңыз.

8-қадам: Вакутейнерлердің бойына нөмірлер мен штрих-кодтары бар жапсырмаларды жапсырыңыз, штрих-кодты қақпаққа жақын орналастырыңыз.

9-қадам: Қан алғаннан кейін допинг офицерінің нұсқауларын орындай отырып, вакутейнерді бірнеше рет аударыңыз. Егер әрекет сәтсіз жасалса, процедура 3 рет қайталанады.

10-қадам: Құтылардағы барлық қан үлгілерін жабыңыз, жабар алдында вакутейнерлер мен құтылардағы нөмірлерді тексеріңіз.

11-қадам: Сіз мынадай ақпаратты беруіңіз керек:

  • Жеке басыңыз туралы мәліметтер
  • Өзіңіз 7 күн ішінде қабылдаған дәрі-дәрмектер мен тағамдық қоспалар, соңғы 6 айда қан құю немесе қан алмастырғыштар болды ма.
  • Қандай да бір түсініктемелер немесе ескертпелер, егер бар болса

Сонан соң барлық берілген ақпаратты тексеріңіз!

Қан алуға арналған арнайы нысанды толтырыңыз. Егер сынама биологиялық төлқұжатқа арналған болса, онда биологиялық төлқұжатқа арналған арнайы нысанды толтырыңыз.

Хаттамаға қол қойып, көшірмесін алыңыз.

Допингке қарсы ережелерді бұзуына байланысты дисквалификацияға ұшыраған қазақстан спортшыларының тізімі
Жүктеу
Оқу үшін