Допинг и здоровье
Жүктеу
Оқу үшін
Опасные БАДы
Жүктеу
Оқу үшін
О вреде допинга
Жүктеу
Оқу үшін
БАДы и допинг-контроль
Жүктеу
Оқу үшін
OUTREACH
Жүктеу
Оқу үшін
SEMINAR
Жүктеу
Оқу үшін

Таза спортпен байланысты принциптер мен құндылықтар

Допинг —денсаулық пен этиканың мәселесі болып табылады. Нәтижені жақсартатын заттар мен әдістер өте қауіпті және өлімге әкелуі мүмкін. Допинг қолданатын спортшылар тек өз денсаулығына қауіп төндіріп қоймай, сонымен қатар қарсыластарының алдында әділетсіз жолмен артықшылыққа қол жеткізуге тырысады, осылайша қарсыластарының ауыр жұмысына нұқсан келтіреді және олардың спортқа деген сенімділігіне қауіп төндіреді. Жеңіске деген осындай көзқарас қоғам үшінспортты маңызды ететін негізгі құндылықтарды бұзады. Спортта да, өмірде де ең бастысы - жеңіске жету емес, қатысу және жақсартуға ұмтылу.  

Қазақстанның допингке қарсы Ұлттық орталығы білім беру, алдын алу және тестілеу, кейіннен ережелерді бұзғандарға санкциялар қолдануға бірдей бағытталған кешенді допингке қарсы бағдарламаны жүзеге асырады.

Таза спортпен байланысты принциптер мен құндылықтар ережелерді сақтау, басқа қатысушыларды құрметтеу, әділ бәсекелестік, ойының бәріне бірдей шарттары және бүкіл әлем үшін таза спорттың құндылықтар тұтастығын қолдауға бағытталған.

Допингке қарсы бағдарламалар спорттың ішкі құндылығына негізделген. Бұл ажырамас құндылық көбінесе «спорттық рух» деп аталады: әрбір спортшының табиғи дарындарына жанқиярлықпен ұмтылу арқылы адами биікке жетуге этикалық ұмтылыс.

Допингке қарсы бағдарламалар спортшылардың денсаулығын қорғауға және спортшыларға тыйым салынған заттар мен тыйым салынған әдістерді қолданбай-ақ жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді.

Спорт рухы – адам рухының, тәнінің және ақыл-ойының мерекесі. Бұл Олимпизмнің мәні және ол біз спортта және спорт арқылы табатын құндылықтарда көрінеді, соның ішінде:

·  Денсаулық

·  Этика, әділдік және адалдық

·  Кодексте көрсетілген спортшылардың құқықтары

·  Ең жоғары көрсеткіш деңгейі

·  Мінез және білім

·  Ләззат пен қуаныш

·  Топтық жұмыс

·  Ісіне берілгендік және міндеттемелерге берік болу

·  Ережелер мен заңдарды сақтау

·  Өзіне және басқа қатысушыларға құрмет

·  Батылдық

·  Қоғамдастық және ынтымақтастық

Спорт рухы әділ ойынға ұмтылуда көрінеді.

Допинг спорт рухына түбегейлі қайшы келеді.

 

Спортшылардың және спортшыларды қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері

Спортшылар, спортшыларды персоналы және допингке қарсы ережелерге бағынатын басқа топтардың Дүниежүзілік допингке қарсы кодекске сәйкес құқықтары мен міндеттері бар.

Кодекстің үшінші бөлігі допингке қарсы жүйедегі әрбір мүдделі тараптың барлық рөлдері мен жауапкершілігін сипаттайды.

Спортшылар мен спортшылардың персоналы Кодекстің 21 бабын (Спортшылардың және басқалардың қосымша рөлдері мен жауапкершілігі) білуі және түсінуі әсіресе маңызды, оның ішінде 21.1 бап (Спортшылардың рөлі мен жауапкершілігі), 21.2 бап (Спортшы персоналының рөлі мен жауапкершілігі) және де 21.3 бап (Кодекске жататын басқа тұлғалардың рөлдері мен жауапкершіліктері).

 

Спортшылардың құқықтары

Бұл бөлімде спортшының негізгі құқықтарының қысқаша шолуы берілген. Спортшылар да, спортшылардың персоналы да оларды білуі және түсінуі маңызды. Спортшылардың өз құқықтарын білуін және оларды құрметтеуін қамтамасыз ету таза спорттың табысты болуы үшін өте маңызды.

Спортшылардың құқықтары Кодексте және халықаралық стандарттарда қарастырылған және төмендегілерді қамтиды:

• Мүмкіндіктер теңдігі

• Бейтарап және әділ тестілеу бағдарламалары

• Медициналық көмек және денсаулық құқықтарын қорғау

• Әділеттілік құқығы

• Жауапкершілік құқығы

• Ақпарат таратушылардың құқықтары

• Білім алу құқығы

• Деректерді қорғау құқығы

• Өтемақы алу құқығы

• Қорғалатын адамдардың құқықтары

• Сынамаларды жинау кезіндегі құқықтар

• B сынамасын талдау құқығы

• Басқада аталмаған құқықтар мен бостандықтар

• Өтініш білдіру және оның мәртебесі

• Спортшылардың допингке қарсы заңы осы құқықтар мен міндеттерді белгілейді.

 

Спортшылардың міндеттері

Спортшылардың допингке қарсы міндеттерін білуі маңызды. Спортшыларға қолдау көрсете алу үшін спортшылар персоналы да олармен таныс болуы керек. Бұған мыналар кіреді:

·  Кодекске сәйкес жүзеге асырылатын барлық допингке қарсы саясат пен ережелерді білуге ​​және сақтауға

·  допинг-бақылау жүргізу үшін қолжетімді болуы

·  спортшының тағам ретінде не тұтынатыны және өз ағзасына не пайдаланатыны үшін жауапты болуы

·  медицина қызметкерлерін спортшының тыйым салынған субстанцияларды және тыйым салынған әдістерді пайдаланбау міндеттері туралы хабардар ету, сонымен қатар олар алатын кез келген медициналық көмектің Кодекске сәйкес қабылданған допингке қарсы саясат пен ережелерді бұзбауына қамтамасыз ету үшін жауапты болады

·  допингке қарсы ережелерді бұзуды тергеуде барысында допингке қарсы ұйымдармен ынтымақтасу

·  спортшыға қатысты өкілеттігі бар кез келген допингке қарсы ұйымның өтініші бойынша спортшыны персоналының жеке басы туралы ақпарат беру.

 

Спортшы персоналының және басқа топтардың рөлдері мен міндеттері

Спортшы персоналы және басқа да жұмысқа тартылған топтардың Кодекске сәйкес құқықтары мен міндеттері бар. Бұған кіреді:

·  спортшы персоналына немесе сіз қолдайтын спортшыларға қолданылатын Кодекске сәйкес қабылданған допингке қарсы саясат пен ережелерді білу және сақтау  

·  спортшыларды Тестілеу бағдарламасын жүзеге асыру барысында ынтымақтасу

·  допингке төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру мақсатында спортшыға,  оның көзқарастары мен мінез-құлқына әсер етуін пайдалану

·  өзінің допингке қарсы Ұлттық ұйымына  және Халықаралық федерациясына алдыңғы (10) он жыл ішінде допингке қарсы ережені бұзғаныңыз туралы хабарлау

·  допингке қарсы ережелерді бұзуды зерттейтін Допингке қарсы ұйымдармен ынтымақтасу

·  спортшы персоналы дәлелді себепсіз Тыйым салынған субстанцияларды немесе Тыйым салынған әдістерді пайдаланбауы немесе иемденуі тиіс.

 

Қатаң жауапкершілік қағидасы

Қатаң жауапкершілік принципі спортшыдан алынған зәр/қан сынамасы теріс талдау нәтижесін берген жағдайларда қолданылады.

Бұл әрбір спортшының өз сынамасында табылған заттарға қатаң жауап беретінін білдіреді және спортшының Тыйым салынған субстанцияны әдейі немесе байқаусызда қолданғанына немесе абайсызда немесе басқа қателіктің болғанына қарамастан, сынамада тыйым салынған зат (немесе оның метаболиттері немесе маркерлері) табылған кезде допингке қарсы ереженің бұзылуы орын алады.