Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет — мемлекет пен қоғамның алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі. Бұл мәселені шешу үшін мемлекет түрлі құралдар мен механизмдерді қолданып келеді. Қолданылатын құралдардың бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен ағарту жұмыстары, олардың мақсаты – кез-келген мекемеде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған құқықтық және ұйымдастырушылық механизмдер, психологиялық және моральдық ахуал орнату және де оларды ендіру.

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттік жүйенің толыққанды дамуы үшін

күрделі мәселе. Дәл осы сыбайлас жемкорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатердің негізгі көзі болып табылады және мемлекеттік меншікке қылмыстық қол сұғушылықтың өсуіне ықпал етеді.

Допингке қарсы ұлттық орталықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысының ақпараттық ашықтықпен қамтамасыз етуді алуға болады, өйткені қазіргі әлемде ақпарат қоғам дамуының негізгі қозғаушы күші ретінде әрекет ететіндігін баршамыз түсінеміз.

Орталықтың қызметі туралы kaznadc.kz ресми сайтында жарияланған толық және сенімді ақпаратқа қол жеткізуге болады.

Сонымен қатар, кәсіпорында азаматтардың ұсыныстарын, арыздар мен шағымдарын жинақтау жәшігі орнатылып, сенім телефоны жұмыс істеуде. Азаматтарды қабылдау күнделікті жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, Орталық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетке

бағытталған барлық қабылданған нормативтік құқықтық актілерді

басшылыққа алатындығын хабарлаймыз.

 

 

 

 

«Допингке қарсы ұлттық орталық» РМҚК

директоры

М. Бакашева