Қазақстанның Ұлттық допингке қарсы орталығы “Play True Day” мерекесін қолдады”

Бүгін, 9 сәуір күні, барша әлем “Play True Day” – таза спортқа арналған және спортшылар мен спорттық қоғамдастықтар, сондай-ақ, басқа да адамдарға таза спортты қорғаудың маңыздылығын түсіндіруге бағытталған күнді атап өтеді.

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік бастаған флешмобты Қазақстандағы допингке қарсы ұлттық орталық та қолдады.

“Play True” күнін атап өтуге 2013 жылы оңтүстік Америкадағы 17 мемлекеттің қатысуымен өткен ВАДА конференциясы мұрындық болған. Алғашында бұл күнді оңтүстік Америка мемлекеттері ғана атап өтсе, өткен жылы Агенттіктің сандық және әлеуметтік желілердегі кампаниясы алты миллионнан астам адамды қамтып, әлемдегі жеке тұлғалар мен ұйымдар қатысты.

Қазақстандағы допингке қарсы ұлттық орталық пен Қазақстан спортшылары таза, адал спортты қолдайды және біз допингке қарсы ережелерді бұзғандармен күресті жалғастыра береміз.

Барлық әлем коронавирус індетімен күресіп жатқан қиын кезеңде баршаңызға қолдау көрсетіп, карантин режимін қатаң сақтауға шақырамыз.
Біз бірге болу арқылы ғана бұл күресте жеңіп шығамыз.