ДДҚА (WADA) спортшыларға орналасқан жері туралы ережені сақтауға көмектесетін жаңа қосымшаны шығарады.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (ДДҚА) спортшыларға олардың орналасқан жерін анықтау ережелерін сақтауға көмектесетін және допингке қарсы ұлттық орталықтар мен халықаралық федерацияларға спортшыларды допингке тестілеуден өткізе алулары үшін олардың орналасқан жерін білуге мүмкіндік беретін жаңа қосымшаны шығаруды жоспарлап отыр.

Бүгін басталуға тиіс спорттағы допинг жөніндегі бесінші Дүниежүзілік конференцияның қарсаңында бірнеше жыл бойы қолданылып келе жатқан және жаңғыртуды қажет ететін ДДҚА қосымшасын алмастыратын “Athlete Central” құжаты шығарылды.

Әлемдік спорттағы жарыстан тыс кезеңде өткізілетін тестілеу бағдарламаларының негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын спортшылардың орналасқан жерін анықтау ережелері тестілеу мен тексерудің халықаралық стандартының бөлігі болып табылады.

Ереже бойынша тіркелген тестілеу пулының (ТТП) жоғарғы деңгейіндегі саны шектеулі спортшылардан допингке қарсы ұйымға (ДҚҰ) оларды күн сайын бір сағат ішінде қайдан табуға болатындығы туралы толық ақпарат берулері талап етіледі.

Осы жылдың басында американдық спринтер Кристиан Коулмэн 12 ай ішінде өткізілген үш сынақты жібергені үшін айыпталудан құтылды, рәсімдеуде және орналасқан жері туралы ақпарат беруде жіберген қателіктері үшін ол екі жылдық дисквалификацияға ұшырауы мүмкін еді.

Нәтижесінде ол Дохаде өткен Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының әлем чемпионатында 100 метр қашықтыққа жүгіруден жеңіске жетті.

Бірақ Тринидад және Тобаго Достастық Ойындарының 100 метр қашықтық бойынша чемпионы Мишель-Ли-Ахье сынақты үш рет жібергені үшін жарыстан уақытша шеттетілді, ал ресейлік биатлоншы Маргарита Васильева допинг сынақтарынан мүлде өтпегені үшін 18 айға шеттетілді.

«ДДҚА қосымшаның ашылуын асыға күтуде, бұл жаһандық допингке қарсы бағдарлама аясында спортшылардың қай жерде жүргенін бақылауға қатысты тәжірибесін едәуір арттырады», – деді ДДҚА бас директоры Оливье Ниггли.

Бұл спортшылардың жарыстан тыс кезеңде тестілеуге қолдау көрсетулері үшін өздерінің орналасқан жері туралы ақпарат берудің оңай, жылдам және сенімді әдісі болады және оларға өздерінің «таза спорт» қағидаттарына деген адалдығың көрсетуге мүмкіндік береді.

AThlete Central –ды дамыту жұмыстарына кіріспес бұрын, ДДҚА жобалық тобы өздерінің қажеттіліктерін жақсы түсіну үшін спортшылардың пікірлерін сұратты.

2500-ден астам жауап алынды, олар ДДҚА мәлімдеуі бойынша допингке қарсы әкімшілік және басқару жүйесіне (ADAMS) негізделген қосымшасының ерекшеліктерін ескере отырып, қалыптастыруға көмектесті.

Кейбір ДҚҰ қызметкерлері бұл қосымшаны сынап көрді, ал белсенді спортшылардың көпшілігі өздерінің орналасқан жері туралы хабарлама жіберу үшін байқап көрді.

Жаңа қосымшаның артықшылықтары, мәлімделгендей, дәлдіктің,  орналасқан жер негізінде мекен-жайға қатысты ұсыныстың артуы және  қолданушы үшін интуитивті түсінікті интерфейсі қолданушыларды қолдау мен оқытуда аз шығынды қажет етеді.

Сондай-ақ, ұйымның мәлімдеуінше, спортшылардың орналасқан жері туралы деректер пулының барлық түрлеріне, соның ішінде ТТП-ға, қолдау көрсетеді және тестілеу мен тексерудің Халықаралық стандартының талаптарын бұрынғыдан да қатаң сақтауды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, проблемаларды шешу үшін арнайы қолдау қызметі бар.

ДДҚА стандарттар және үйлестіру жөніндегі директорының орынбасары және ADAMS дамыту жөніндегі директоры Стюарт Кемптің айтуынша, «ДДҚА Агенттік спортшы-орталықпен бірге өзінің негізгі бенефициары – спортшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын платформа ұсынатын болатынын айқындады ».

«Олардың пікірі анықталды – қосымша интуитивті түрде түсінікті, қарапайым, ақылды және сенімді болуы керек. Біз осы талаптарды орындай алдық деп санаймыз және бағдарламаны іске қосуды асыға күтеміз»