ҚазДҚҰО допинг-бақылау мақсатында Berlinger-kit Geneva жинақтарын пайдалануға байланысты мәлімдемесі-2018

Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігінің (WADA) швейцарлық Berlinger Special AG компаниясы жеткізетін, BEREG-KIT жаңа буын қауіпсіздік шөлмектерін пайдалану арқылы тұтастықтың ықтимал мәселесін зерттеу туралы мәлімдемесіне жауап ретінде Қазақстан Допингке қарсы ұлттық орталығы (ҚазДҚҰО) өзінің WADA зерттеуін мұқият қадағалайтынын және де қажет болған жағдайда спортшыларға қосымша кеңестер ұсынатынын мәлімдейді

ҚазДҚҰО директоры Бақашева Майра былай дейді: «Қазақстанда жүргiзiлетін сынақтар үшін Қазақстанның допингке қарсы Ұлттық орталығы қазіргі уақытта Berlinger жеткізетін, Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) тарапынан жасалған жуырдағы сақтандыруларының қатысы жоқ үлгідегі шөлмек түрін пайдаланады, сондықтан да біз бұрынғыдай ағымдағы үлгілердің тұтастығына сенімдіміз. Допинг-бақылау қызметкерлері Қазақстанда ешқашан Geneva нұсқасының BEREG-KIT жаңа шөлмектерін пайдаланған емес және Қазақстанда үлгілер жинау үшін Berlinger шөлмектерінің ескі қауіпсіздік моделін пайдалануды жалғастырып келеді, алайда шетелде тестілеуден өтуге тиіс қазақстандық спортшылар жаңа буын BEREG-KIT шөлмектеріне тап болуы мүмкін.

Швейцарлық Berlinger Special AG компаниясы допинге қарсы бақылауға арналған арнайы ыдыс және жұмсалатын материалдарды жеткізу саласында көшбасшы болып табылады, және ҚазДҚҰО аталған өнімдерді жеткізушілермен келісімдер жасау барысында бұлжымастан допингке қарсы операциялардың ең жоғары стандарттарына сай жоғары талаптар қояды».

Жаңа BEREG-KIT Geneva қауіпсіздік шөлмектері ескі модельден ерекшеленеді, себебі оларда қақпағының ішіндегі қауіпсіздік краб жүйесі (металл сақина) айналасында ашық жасыл жолақ бар. Алдыңғы нұсқада бұл жоқ болатын, ал краб жүйесі қақпақ арқылы көрінетін. Жинақ сақталатын картон қорабында сонымен қатар «BEREG-KIT Geneva» атауы көрсетілуі тиіс. Егер спортшылар шөлмек моделіне әуелдегідей сенімсіз болса, олар допинг-бақылау инспекторынан бұл шөлмектің ресми шөлмек екендігін растауын өтінуі тиіс.

Егер спотршыларда қандай да бір мәселелер немесе допинг-бақылау үшін ұсынылып отырған шөлмектер жиынтығына сенімсіздік туындаса, Қазақстан допингке қарсы ұлтттық орталығы төмендегілерді ұсынады:

  • Тест тапсырудан бас тартпаңыз;
  • Допинг-бақылау нысанындағы «Пікірлер» бөліміне өзіңіздің сұрақтарыңыз бен мәселелеріңізді жазыңыз немесе Косымша нысан (Supplementary form) сұраңыз және допнг-бақылау сынамасын жинау барысында туындаған тілектеріңіз бен мәселелеріңізді егжей-тегжейлі жазыңыз;
  • Дұрысы, артық уақыт шығындап, шөлмектің қақпағын абайлап, оны ары қарай жылжыту мүмкін болмағанша айналдыра отырып, дұрыс жабылғанын тексеріңіз;
  • Жабылған соң келесi үш қадамды орындаңыз (Нұсқаулық –бейнежазба Berlinger веб-сайтында):
    • 1) қақпақты сағат тіліне қарсы бұрап көріңіз,
    • 2) жоғарғы жағындағы қақпақты алып көріңіз,
    • 3) бөтелкені төңкеріп қойыңыз.
  • Кез-келген мәселе туралы допинг-бақылау сынамасын санкциялаған Допингке қарсы ұйымға баяндаңыз.

Басқа да кез-келген сауалдарыңызды antidopingkaz@mail.ru бойынша жіберуіңізді өтінеміз.